23.05.2022
  129


Автор: Ерлан Рымбек

Күндіз сені күнім деп санайтынмын...

Күндіз сені күнім деп санайтынмын,
Түнде сені ай сәулесіне балайтынмын.
Кездескенде өзіңе тіл қатпастан
Бір ауыз сөз айта алмай қалай тұрдым?
Сені көріп көңіліме жыр тұнды,
Сені көріп пәк жүрегім бұлқынды.
Сыйладың ғой өзеннің ағысындай
Күмістей сыңғырлаған күлкіңді.





Пікір жазу