23.05.2022
  138


Автор: Ерлан Рымбек

Тәтті ұйқыға бөленгендей, кең дала...

Тәтті ұйқыға бөленгендей, кең дала,
Кірпік ілмей отырмын тек мен ғана.
Қия алмай отырмын ғой тау мен тасын
Туған жердің төсіндегі мен бала.
Жүрегімнің төрінде тұрақтаған
Саған, халқым, еш күмәнсіз сыр ақтарам.
Мен іштей бір сезіммен арпалыстым,
Ақ тілегін жаудырған қарт сияқтана.
Мен несіне адам болып жаралдым
Ақ сүтін ақтамасам анамның?
Жырға бөлеп жаза алмасам халқымды,
Өшкені дұрыс еді қарамның.
Кей түнде өлең болып көңіл сыры,
Дәптерімде суреттелді өмір сыны.
Бойыма бірде қонып, бірде ұшады
Шабыттың қос қанатты көгершіні.
Ақыл-ойдан асатын бұлақ бар ма,
Әлде адамда биік мәнсап, мұрат бар ма?
Дененің қызықтысы бас пен жүрек
Түскендей өлең болып сынақтарға.
Мен көгіңде бұлт болып жүзбеп едім,
Әлдилеп үмітімді үзбеп едім.
Көңілдің көк тұманын ашып жырмен,
Қарттардан қанатты сөз іздеп едім.





Пікір жазу