23.05.2022
  129


Автор: Ерлан Рымбек

Табиғат

Торғай да шырылдайды аспанында,
Кеудемді серпіп қағып ашқанымда.
Табиғаттың сағымдалған айналасы
Кіргендей ертегінің дастанына.
Көріп келем бұлдыр сағым даланы,
Құлағыма құстар әнін шалады.
Шуағына байлап мәңгі тастағандай
Өлең болып ауылымның самалы.
Кеудеме күн нұрындай ыстық алып,
Келгендей шуағымен күшті алып.
Барады құстар ұшып көл іздеген,
Қанатымен желпіп өтіп ішті жарып.





Пікір жазу