23.05.2022
120
Махаббат жыры
Жүректің сандығын мен ашамын,
Әніммен алдыңа гүл шашамын.
Сүйсең де сен мені, сүймесең де,
Өзіңді аңсайды жас әнім.
Жауабың жатыр ғой мен білмейтін
Жүрек пен жүректің ортасында,
Бар ма адам өмірде сыр бермейтін,
Қимаймын өзіңді қоштасуға.
Жырымды оқып жылама,
Сезімді баурар жыр ғана.
Сүйем деп сені айтады,
Жүрекпенен тіл ғана.
Қайырмасы:
Біз жұмбақ жандармыз, жандармыз,
Тауларда сырласқан, қалған із.
Ай өтсін, жыл өтсін өмірде,
Біз де бір қонақпыз, арманбыз.