23.05.2022
135
Жылы жаққа құстар қайтып барады...
Жылы жаққа құстар қайтып барады,
Қоштасумен ғашық әнін салады.
Ағаштардың жапырағы үзіліп,
Мұң оранып жабырқаулы қабағы.
Ғашық әнін тербетемін өзіңмен,
Арылмай мұң жүрегімнен көзімнен.
Өзің кеткен жүрекке жыр толады
Айрылғандай бақытты шақ кезімнен.
Отыр, жаным, махаббаттың бесігіне,
Ұмыттың ба бақытты күн кешін мүлде?
Тербетейік, сырласайық, ән шашайық,
Ашайық ғашық жүрек есігін де.