23.05.2022
  118


Автор: Ерлан Рымбек

Бұл жалғанда сүрінбейтін тұяқ бар ма...

Бұл жалғанда сүрінбейтін тұяқ бар ма,
Отырамын сол ойымды жиі ақтара.
Шайқалмаған бақытым бір-ақ күнде
Шайқалып көнбеді еш бір сынаққа да,
Өткен күндер бұлттай көшті жырақтана,
Шаңырағым қарайды жылап қана.
Қалайша болды екен абайсызда,
Осы ой мазалайды сұрақтана.
Жүрегімде кінәм қалды қурап-шіріп,
Отырмын енді, міне, сыр ақтара.
Кешірілмес бұл дүниеде жаза бар ма,
Тек мені іштей қинап жазалама.
Не десең де бәріне көнейін мен,
Кесілген “өлім” деген жазаға да.





Пікір жазу