23.05.2022
  153


Автор: Ерлан Рымбек

Табиғатым

Мал бағып, табиғатпен сырластым,
Ат үстінде әндетіп, көрмей өткен қырды астым.
Ақ қағазды жерге жайып, қаламды алып қолыма,
Шабытымды арқалап бір өзің деп жыр бастым.
Күн сәулесі оттай жанып қыстың аппақ қарын алған,
Ойнақтап қошақандар жер бетінің шаңын алған.
Мен ойнақтап алыстым, сүріндім де құладым,
Сол бұлақтың суымен жырым ақты, ағылды арман.
Құшағым менің толады қызыл-жасыл гүлдерге,
Қаздар келіп қонады қанат жайып көлдерге.
Құмар шіркін қанбады қанша саған қарасам да,
Ат үстінде әндетіп шықтым барып көк белге.
Алыс кеттім мен де біраз белеңнен,
Үнсіз ғана қоштасып, жас балаша келем мен.
Домбыраның құлақ күйін бұрай-бұрай келтіріп,
Жүрегімнен жыр төктім әнімменен, өлеңмен.





Пікір жазу