23.05.2022
  122


Автор: Ерлан Рымбек

Туған жерім

Асқар тауым, кең далам, туған жерім,
Осы жырды сен деп белге буған едім.
Қанша алыс кетсем де сені іздеймін
Көрсем деп жанарларын думанды елдің.
Бесіктен тұрған күні еңбектедім,
Далаға шығып алып жер беттедім.
Алғашқы рет туған жердің иісін сезіп,
Ләззат алып, анамдай құрметтедім.
Кіндігім бір өзіңе байланғандай,
Жүремін тау-тасыңды айналғандай.
Туған жер, өз кеудеңде мен келемін,
Ауырсам иісіңнен емделемін.
Сен едің құшағың кең жатқан далам,
Сен едің сырыңды ешбір ақтармаған.
Қалайша тау-тасыңды ұмытайын,
Сен арқылы бақытты шаққа барам.
Бұлбұл ұшса көңілімнің бағынан,
Тербеледі ойды жарып ғашық ән.
Сапар шегіп кетсем егер алысқа,
Сағыныштан қайтуға мен асығам.
Көкшіл булар көшіп жатыр белеңнен,
Сол буларды саған балап келем мен.
Жаз да өтті, күз келді, ақ қаздарым
Тербетіліп ұшып жатыр төбемнен.
Мен қазақтың баласымын,
Құшағын кең ашқандай,
Мен – халықтың баласымын
Әкем ақыл айтқандай.
Мен де бір киігімін халықтың,
Мен де бір сәулесімін жарықтың.
Көзден ұшты көңілдің құзғыны жас,
Бірге кештім өмірінде нарықтың.
Халық көрді, мен де көрдім соққыны,
Өшер ме еді бұл нарықтың от күні.
Ауыр жүк түсті біздің басымызға,
Қандай қиын ақыл айтар қариялар жоқтығы!
Арманның атын байлап сылаңдатып
Бірде оянып, бірде ойлап, тұрам жатып.
Тек амандық, жақсылықты тіледім
Бас айналып ат үстінен құлап жатып.





Пікір жазу