23.05.2022
  118


Автор: Ерлан Рымбек

Мен қазақпын - намыс қаным тоқтамаған...

Мен қазақпын - намыс қаным тоқтамаған,
Қазақ үшін шарпыған от та болам.
Намысымды тепсе біреу жерім үшін,
Тайсалмаймын, кез-келген оққа барам.
Мен қазақпын - жүрегімде көк туым желбіреген,
Мен қазақпын – азаттықты сеніп артып ел тілеген.
Жұмекеңнің жырларын жалғастырған,
Мен қазақпын – мың тіріліп, мың өлді деген.
Қазақстан – шаңырағым,
Қалайша одан арыламын?
Соғып тұрса тулап-толқып
Жүрегімде Әнұраным.





Пікір жазу