23.05.2022
  110


Автор: Ерлан Рымбек

Қазақ болып туғалы

Қазақ болып туғалы
Сөйлемедім жат тілде,
Өлеңге бел буғалы
Бөлендім ғой шат күйге.
Қаным қазақ болғалы
Намысымды қайрадым,
Абайдың ақ жолдарын
Пәк жаныма байладым.
Қазақ болып шаттанып
Көңілге жыр бөленді,
Жүрегіме от жаққалы
Жалындаттым өлеңді.
Жүгенделген арымды
Өз бойымда сақтадым,
Жиған-терген барымды,
Халқыма тек ақтардым.
Жаратылған жан шығармыз біз берік,
Тіршілікте еңбек жолын іздедік.
Қиял бұлттың ар жағында жүзіп бір
Жырдан күдер, жырдан үміт үзбедік.





Пікір жазу