23.05.2022
111
Оңашада қалғанымда тек өлеңмен тілдестім,
Оңашада қалғанымда тек өлеңмен тілдестім,
Сол өлеңмен бала кезден егіздей боп бірге өстім.
Өлеңім бар бөлісетін қуанышым мен қайғымды,
Сол өлеңнің ауылынан басқа жерге сіңбеспін.
Бір келмесең, өлеңім, тағат таппай сені іздегем,
Күні-түні ой толқып көз ілмегем.
Өзіңе деген мынау құмарлықпен
Бір сәтке демалмайды сезім деген.
Өлеңім!
Сен деп келем, сен деп келем,
Еңбексіз өмір жолын жеңбес деген.
Өзіңмен тоғыстырған тәңіріме
Жыр шумағын көбірек селдет деп ем.