23.05.2022
  96


Автор: Ерлан Рымбек

Ақыл-есі кемдер ауруханасындағы науқастарға

Жұмыс істеп, көрдім, міне, көрмегенді,
Көндірдім ғой адам жанын көнбегенді.
Істеген жерім менің – ақылсыздар үйі еді,
Бірақ, еш бір жан оны елемеді.
Бірі күліп, бірі жылап, жалтақтайды,
Бірі отыр әндетіп зарлап қайғы.
Қалайша аямассың мұндайларды,
Есі дұрыс емес деуге тіл бармайды.
Түнгі ұйқысын төрт бөлген анасындай,
Үлкендерді алдайсың баласындай.
Кейбір жанның тағдырын сұрағанда
Көрінеді жүректің жарасындай.
Кәрісі бар, жасы бар, адамзаттың
Қандай зарлы ауырғаны, ана заттың!
Орысы бар, қазағы бар, әйелдердің,
Бұлар да бір пендесі ғой арман аттың.
Сандырақтап кейде сөйлеп жылағанда
Көзге елес боп, кетпейді, тұрады алда.
Бұлар да бір жарық күннің еркесіндей,
Сене ме екен олар да бір Аллаға?
Өмірі қысқа ғұмыр болса-дағы,
Бір күндік өмірге олар тамсанады.
Көздерінен кейде жас жұмбақ болып
Жазда жаңбыр, қыста мұңлы қарша ағады.





Пікір жазу