23.05.2022
  176


Автор: Ерлан Рымбек

Мен деп ойла

Түні бойы терезеңді тамшы ұрса –
Мен деп ойла жылап тұрған сол күні,
Бір сағыныш жүрегіңді қамшыласа –
Мен деп ойла найзағайдың жарқылы.
Бақыт жырын жаудырса Алла алдыңа –
Мен деп ойла сол бақытты тілеген,
Қозы-Баян аңызының барын да –
Мен деп ойла адал сүйе біл деген.
Түсіңде қос жұлдыздар жымыңдаса –
Мен деп ойла,қос аққуды тойлатқан,
Түсіңде Қыз Жібек кеп сырын ашса –
Мен деп ойла Төлеген боп оятқан.
Қайырмасы:
Мен деп ойла үміт отын жандырған,
Мен деп ойла ғашық ізін қалдырған.
Мен деп ойла, мен деп ойла, өзіңсіз,
Мен деп ойла, махаббатсыз жан құрбан.





Пікір жазу