23.05.2022
290
Қарындасым-қарлығашым
Арманға арманың
Қосылып самғадың,
Бізге де бақыт қой
Тербелсе жан бағың.
Еркелеп, қарындасым,
Жүруші ең көбелектей.
Жат жерің бағыңды ашсын
Ашылған гүл мен көктей.
Ақ отау төрінде
Отырсың, қарындасым,
Қос аққу көлінде
Бақытың жалындасын.
Бір анаң қос ана боп,
Сен бүгін бақыттысың.
Бір әкең қос әке боп,
Шаттанып шалқып тұрсың.
Ананың ақ тілегі –
Өмірдің тәтті лебі.
Сағынар өзіңді
Әкенің ақ білегі.
Қосылып жан жарыңа
Жеттің сен арманыңа.
Адал бол, қарындасым,
Өмірлік жар-бағыңа.