23.05.2022
  155


Автор: Ерлан Рымбек

Бағамын деп әкімдердің қас-қабағын...

Бағамын деп әкімдердің қас-қабағын,
Өз-өзімнен кейде үркіп жасқанамын.
Біреу маған қараса үрейменен,
Бұзылардай көңілдің тас қамалы.
Екі жарты бір бүтін болмас, сірә,
Болса-дағы көңілі толмас, сірә.
Махаббатың баянды болса-дағы,
Нағыз бақыт қолыңа қонбас, сірә.
Махаббаттың тұнық мөлдір суын да іштім,
Махаббаттың жанды қинар уын да іштім.
Бәрін жырлап айта берсем не болады,
Не болады алды жұмбақ бүгінгі істің?..
Сені көрсем өзімді де ұмытам,
Ақ жүзіңді сұлулыққа пір тұтам.
Сені көрсем махаббаттың оты деп
Жүрегімді осы жырмен жылыта





Пікір жазу