23.05.2022
  140


Автор: Ерлан Рымбек

Жаным қайда???

Күнде күтіп гүл теремін
Бір өзіңді келер деп.
Қайдасың сен, күнім менің,
Жүрсің бе әлде өкпелеп?
Сырың түпсіз тереңде,
Сені, жаным, көрем бе?
Бақытынан айрылған
Жұлдыздай боп сөнем бе…
Махаббаттың шаһарына
Қалай ғана енемін?
Бір бақыттың қатарына
Қосылар ма жүрегім?
Қайдасың сен бүгін, күнім,
Жанарың бір күлер ме?
Махаббаттың шымылдығын
Толтырамын гүлдерге.
Қайырмасы:
Жаным, жаным,
Қайда, қайда?
Бағым менің жанбай ма?
Бақыт құсы қолыма
Қона ма, әлде қонбай ма?
Жаным қайда, жаным!





Пікір жазу