meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  23.05.2022
  161


Автор: Ерлан Рымбек

Келінжан

Сүйгеніңмен қосылмаған
Қандай қайғы бұл өмірде!
Қалайша мен жасыра алам
Болған жайды өңімде?..
Тойларыңды мен бөлдім бе,
Келінжан-ау, сырласым,
Ақ шымылдық гүл төрінде
Неге тамды көз жасың?
Қол ұстасып басқа жанмен
Келді, әне, сүйгенің.
Ақ тілегін айтқанменен,
Жазылар ма жүрегің?
Мен ортақпын көңіліңе,
Жыламашы, келінжан.
Бар ма адам бұл өмірде
Махаббатқа берік жан?..
Қайырмасы:
Келінжан-ау, келінжан,
Жаралы ма жүрегің?
Жыламашы, келінжан,
Келер тойға сүйгенің.
Жылама сен, жылама,
Сүйгеніңді сұрама.
Ғашық болған адамдар
Махаббатсыз тұра ма?..





Пікір жазу