Сені құшып өзгенің жанды бағы...
Сені құшып өзгенің жанды бағы,
Соны ойласам есімнен тандырады.
Кеше ғана сүйемін деп айтып жүріп,
Сол сөздердің ұмытылып қалды бәрі.
Сезім бар деп мен сенде айта алмаймын,
Айта алмаймын, өткен күнге қайта алмаймын.
Махаббаттың аралына батқан жандай,
Тереңінде жүзіп бір ой толғаймын.
Өзіңді ойлап жырға көңлім ауғанда
Телефонның естілді-ау бір шырылы.
Шабытымның оты енді жанғанда
Сен екенсің соғып тұрған тығылып.
Дауысыңды ести сала, аяулым,
Шерттім тек сезімнің шерін күй қылып.
Мен несіне, мен несіне қаяумын,
Тарттың ба әлде мені өзіңе үйіріп?
Мені өзіңе қаратып бағындырдың,
Жаныма жағып кеттің шамын жырдың.
Жан дүниемді бір өзің баурағандай,
Алыс жақтан қол бұлғап сағындырдың.
Көз жасыңды көрсем болды көзіңдегі,
Өзіңді ойлап,сәулешім, көз ілмедім.
Сағыныш па әлде мені мазалаған,
Әлде жылап тұрған ыстық сезім бе еді?
Сүйемін деп тағы да қайталашы,
Өткен күнге оралып қайта баршы.
Егер айтқың келмесе, жүрегімді
Төртке бөліп қорықпай балталашы.
Әнім қалқып барады арман көшесінде,
Өкпем қалды өткеннің есесінде.
Тулап-толқып жырларым ағын болып
Құйылады бір бақыттың кесесіне.
Білмеппін-ау қаталдығын тағдырдың,
Өзіңді іздеп қанша жылдар қаңғырдым.
Бойлатып мені сағыныштың дертіне,
Шөлдетіп мені есімнен тандырдың.