23.05.2022
148
Тоқтар Серікке
Әнің сенің ой салады санама,
Әуезіңді жатқандаймын паналап.
Жолым түсіп барып қайттым аулыңа -
Туған жерің Көксалаға.
Жүрегіміз болмаса да егіздей,
Әніңді айтып жүрем, інім, сені іздей.
Самға көкке, қанатың тек талмасын,
Тулаған көк теңіздей.
Семейдің көшесінде әндерің,
Қалықтап жүр сағым қуған әр демің.
Барша елді әуеніңмен емдейтін
Қасиетті жан ба едің?..
Әнің сенің алаулаған өрт пе еді,
Әлде күннің шуағы ма көктегі?
Шабыт шіркін құйылып жүрегіме,
Жырым сен деп көктеді