23.05.2022
136
Ұмыт мейлі, ұмытпа
Өткен күнді ұмыт мейлі, ұмытпа,
Көнерсің-ау Алла жазған бұйрыққа.
Келер қайтіп ақ махаббат сезім боп,
Сол сезімнен тек жабығып бұрлықпа.
Өткен күнді ұмыт мейлі, ұмытпа,
Махаббатты тек, аяулым, ұлықта.
Мен есіңе түссем егер елес боп,
Өкініштен тек ыза боп булықпа.
Өткен күнді ұмыт мейлі, ұмытпа,
Махаббатты мейлі ұқ, жаным, мейлі ұқпа.
Бүгін біздер мұңдымыз, жүрсек-тағы,
Бас иейік ақ махаббат ғұрыпқа.
Қайырмасы:
Ұмыт мейлі, ұмытпа,
Келсең де отыз-қырыққа.
Махаббат жоқ деген сөзге
Құнықпа, жаным, құнықпа.