23.05.2022
176
Ғашық сезім
Мен ғашықпын ай мен күндей келбетіңе,
Сендей жандар аз ғой жүрген жер бетінде.
Мен жұмысқа барар күні қуаныштан
Асығамын алып-ұшып тез жетуге.
Бұл тағдырдың жазуы ма, уақыты ма,
Махаббаттың асау сезім шабыты ма?
Осал жүрек тіл қатып айта алмаса,
Кім жетеді, кім жетеді бақытына?..