23.05.2022
185
Жұмбақ қыз
Қандай ыстық күлімдеген жанарың,
Жанарыңа қарап толқып барамын.
Қанша арманды бөліссек те екеуміз,
Тағдыр солай, қосылмаймыз, қарағым.
Сен басқаның бақыты боп жаралдың,
Мен өзімнің бақытымды табармын.
Кінәсі жоқ ұлы күш – махаббатты
Мен де алдадым, сен де, жаным, алдадың.