23.05.2022
119
Ойлаймын мен баршаңды
Күн қызарып батқанда
Ойлаймын мен баршаңды,
Шабытымды арқалап
Жырлаймын кеп ақ таңды.
Қалам алып қолыма
Шимайлаймын қағазды,
Көңлім ауып жыр-күйге
Саламын шырқап сазды әнді.
Армандар бар қаншама
Алауланар от болып,
Айтарым сол баршаңа –
Кетер бір күн жоқ болып.
Ішімде жұмбақ сыр жатыр
Ешбір жанға айтпаған,
Жүрегімде жыр жатыр
Бүршігі де атпаған.