23.05.2022
177
Аружанға
Сәбиім-ау, бұлқынасың,
Маған қарап ұмтыласың.
Құлады ғой бір өзіңе
Әке деген ықыласым.
Кеудемнің кең сарайына
Құйылады қиял өлең.
Осы өлеңнің жайығына
Жыр боп, балам, сыяр ма едің.
Тамылжыған дауысымнан
Танырсың-ау сен мені,
Арманның ақ тау шыңынан
Сені көрсем деп едім.
Жаралғансың күнім болып
Гүлдей нәзік сезімнен,
Жаралғансың нұрым болып
Аумайтұғын өзімнен.
Күлімдеші, қарашы әкеңе сен,
Мен қуанам мәртебең арта берсе.
Сендей менде бақ бар ма қанат қаққан,
Жүрші, балам, қасымда аман-есен.
Ауыра қалсаң, жан балам,
Берекем де қашатын.
Алаңдап түнде көз ілмей,
Сонымен таңым ататын