23.05.2022
  133


Автор: Ерлан Рымбек

Біз екеуміз ән болып

Біз екеуміз ән болып
Тербетпедік теңізді,
Біз екеуміз жыр болып
Оятпадық сезімді.
Біз екеуміз гүл болып
Күн шуағын көрмедік,
Біз екеуміз бір болып
Махаббатқа шөлдедік.
Біз екеуміз жыр болып
Қол ұстасып кетпедік,
Біз екеуміз мәз болып
Бір арманға жетпедік.
Біз екеуміз күн болып
Сәулемізді шашпадық,
Біз екеуміз түн болып
Және таң боп атпадық.
Жүрегімнің төрінде
Сен жатырсың ән болып,
Аққу шалқар көлінде
Бір жүзбедік пар болып.
Қыз Жібек пен Төлеген
Шырақтары сөнбеген
Олар мәңгі өлсе де,
Махаббаты өлмеген.





Пікір жазу