23.05.2022
111
Өлеңдер
Көңілімнің көгінде
Пырлап ұшқан өлеңдер,
Жүрегімнің төрінде
Жылдап ұшқан өлеңдер.
Мынау қысқа өмірде
Көзімді ашқан өлеңдер,
Мынау байтақ еліме
Нұрын шашқан өлеңдер.
Махаббатын жырлатқан
Алау сезім өлеңдер,
Өткізген өмір сынақтан
Тарау сөзім өлеңдер.
Жас жаныма гүл еккен
Тамыры оның - өлеңдер,
Арман боп ақса жүректен
Ағыны оның - өлеңдер.