23.05.2022
119
Аңсау
Қымбатыма айналдың да, қылықтым,
Жанарыңмен жүрегімді жылыттың.
Мынау жарық дүниенің ғажабын
Сенің тұнық сезіміңнен ұғыппын.
Болашақтың даласынан сені іздеп,
Арманымның шамын жақтым өзің деп.
Өмір күні мың өзгеріп кетсе де,
Өзгермейді саған деген сезім тек.
Еркелеген лағындай киіктің
Сен еркіме бағындырдың, сүйіктім.
Шығар жолы табылғанша тынбаймын
Біз жететін бақыт атты биіктің.
Есіміңді әлі келем мың айтып,
Тағдыр кейде алса-дағы мұңайтып.
Түн баласы көз алдыма келесің
Сияқтанып сен бәріне шыдайтын…