23.05.2022
  134


Автор: Ерлан Рымбек

Не етер едің?

- Бұл жырыңды жыртсам егер не етер едің?
- Жаңадан жыр жазумен өтер едім.
- Басқа жанмен бас қоссам не етер едің?
- Мен тойыңа сол күні жетер едім.
- Оқ боп тисем жүрегіңе не етер едің?
- Жүрегімнен өлсем де алмай кетер едім.
- Көзіңе жас әкелсем не етер едің?
- Сол көз жаспен сені іздеп кетер едім.
- Жарымжан құс боп келсем не етер едің?
- Алақанға салып мәңгі көтеремін.
- Жүрегіңе мұз боп қатсам не етер едің?
- Бар ыстық сезіміммен ерітер едім.
Бұл сұрақтың бәрін, күнім, қоя берсең,
Мен бақытты шағыма жетер ме едім?
Сен жоқ жерде шөліркеп кебер ернім,
Сен шексіз ғұмырыма керек едің.





Пікір жазу