23.05.2022
  117


Автор: Ерлан Рымбек

Махаббат жыры

Неткен өмір, неткен тағдыр,
Сол бір түні жауды жаңбыр,
тамшы ұрды.
Саған деген әнім бар бір,
Жүрегіңде мәңгі қалдыр
бар жырды.
Кездеспедік көптен бері,
Еске алайық сол күндерді,
аруым.
Сұлу бейнең көрінбеді,
Әсем сырлар төгілмеді,
аққуым!
Жазығым не, сүйгенім бе,
Кінә тақпа жүрегіме,
жарқыным.
Сезім қылын тербедің де,
Сүйгеніме сенбедің бе,
алтыным,
Сенбеген соң келмедің бе,
аяулым?
Мұңға оранып толғанамын,
Көңіл жүдеп зарланамын,
қаяулым





Пікір жазу