23.05.2022
  135


Автор: Ерлан Рымбек

Сен болдың ақ арманым, сүйген жаным...

Сен болдың ақ арманым, сүйген жаным,
Арман боп пәк жаныма кірген бағым.
Үйреніп қалғаным ба бір өзіңе,
Шыға алмаймын сен болмасаң үйден, жаным.
Сен келер деп есік жаққа елеңдедім,
Елеңдедім, еркелеп келер дедім.
Бір күн емес, бір минут көре алмасам
Сағыныштың отына күйіп өлер ме едім…





Пікір жазу