23.05.2022
  117


Автор: Ерлан Рымбек

Алау сезім

Махаббаттың ақ жастығын жастанып
Жатырмын-ау жанарымнан жас тамып.
Сені ойласам кірпік ілмей, аяулым,
Кетер қалғып ақ көңілім мас болып.
Махаббаттың отын мәңгі сөндіріп
Кеткенің бе, жас жүрегің тас болып?
Махаббаттың ақ көрпесін оранып
Жатырмын-ау сағыныштан толғанып.
Әттең, сәулем, тек сен жоқсың, не керек,
Қалды-ау, шіркін, ақ көңілім торланып.
Сағыныштан өзіңді аңсап, жаным-ау,
Өртенді ғой көңіл – қалың орманым.
Сен кеткелі күтуменен шаршадым,
Шаршадым-ау, құшағыңды аңсадым.
Сағынышым көктем сайын бүр жарып
Күттім сені, күттім, жаным, қанша күн.
Шуағысың сәулесіндей көңіл-күйдің
Деп өзіңе, сағыныштан ән салдым.





Пікір жазу