23.05.2022
144
Біз екеуміз
Біз екеуміз - бір арманның гүліміз,
Бір емес пе тіліміз де дініміз.
Бірімізді бір күн егер көрмесек,
Не болады, айтшы, жаным, күніміз?
Өмір тулап ағып жатқан теңіздей,
Бірдей соғад жүрегіміз егіздей.
Айым-күнім деген асыл сөзіңді
Айта берші, айтшы, жаным, сен үзбей.
Қосылғалы екеуміз бұл күндері
Зулап ағып өтіпті-ау жыл дүрмегі.
Осы қысқа ғұмырдың шақ жолында,
Айтшы, жаным, кім жылап, кім күлмеді?
Біз екеуміз - бір шаңырақ гүліміз,
О, тәңірім, жазылмасын жұбымыз.
Бізді көрсең қос аққудай айдында –
Екеумізді тек егіз деп ұғыңыз.