23.05.2022
  237


Автор: Ерлан Рымбек

Аружанға

Айналайын алтындай ақ бесігіңнен,
Құдай жарық беріп ашқан есігінен.
Келдің, балам, қонақ болып сен өмірге,
Айналайын Ару атты есіміңнен!
Айналайын шырылдаған дауысыңнан,
Шырылыңды естіп аяп ауырсынам.
Әнімді айтсам өзіңе әлдилеген
Танырсың әкеңді осы дауысынан.
Көктегі ай мен күндей жанармысың,
Құландай биік қырға шабармысың.
Ел үшін еңбек етіп, қамын ойлап,
Халқыңның мақтанышы болармысың?
Қадірлей біл аңсап күткен анаңды,
Қадірлей біл туған жерді, далаңды.
Халық үшін қызмет қыл қалтқысыз,
Сонда сенің тасып бағың жанады.
Қайырмасы:
Айналайын, Аружаным, балапаным,
Бір өзіңсің қолғанатым, алақаным.
Қиналсаң қиындықта, балам, егер,
Қолдасын аруақтары арғы атаңның.





Пікір жазу