23.05.2022
  135


Автор: Ерлан Рымбек

Дегелеңім

Туған жерім, аманбысың,
Көгіңе алып балармысың?
Сағынып бір келгенімде
Құшағыңа алармысың?
Ағылған көл тартылған ба
Сынақ атом атылғанда?
Бозторғайдың әсем әні
Естілмейді, сарқылған ба?
Ой, дүние аласұрған,
Жарымжан боп бала туған.
Көздерімнің қос жанарын
Баурап алды қара тұман.
Кете бардың балап мұңға
Қара жерге қараттың да,
Арманым бір таусылардай
Қараймын кеп сағатыма.
Туып-өскен Дегелеңім,
Ән-жырыммен тербелемін.
Бала күнде ойнап-күлген
Кездеріме шөлдегенмін.
Қайырмасы:
Анау тұрған бала-шаға
Туған жердің даласында,
Ел-жұртымнан айрылдым деп
Жылап тұрған анасы ма?..





Пікір жазу