23.05.2022
  158


Автор: Ерлан Рымбек

Қариялар

Біз пақыр өмір өтіп, жүзі тозған,
Қош айтысып, суық көрге қолын созған.
О, заман-ай, не істетпедің біз пендеге,
Ұйықтай алмай ертеңді ойлап жүйкем қозған.
Ботаңның жетім қалып боздағаны
Кеудемдегі жау оғындай қозғалады.
Тағы бір қария өтіп, жүрегіңді
Тіледі-ау жоқтау айтып боздағаны.
Тұр үнсіз қанша мола күн қақтаған,
Жансыз бейне суреттерің құрғақ маған.
Жасырды жер бесігі қойнына алып,
Сен өткен соқпақтарың жұмбақ маған.
Қайырмасы:
Қоштасуға әлі ерте ғой, қариялар,
Сен жүзбеген қаншама дария бар.
Сырты жарық болғанмен, іші түнек
Келместің кемесінде жан қиналар…





Пікір жазу