23.05.2022
125
Ақбұлағым
Армысың, ата қоныс- Ақбұлағым,
Өзіңнен өзге жерде жоқ тұрағым.
Қадіріңе тізе бүгіп бас иемін,
Мен үшін қасиетті топырағың.
Армысың, аға-жеңге, бауырларым,
Өзегімде от болып жалындадың.
Сағыныштың сазымен буырқанып,
Бұлағыңмен ілесіп ағылды әнім.
Арманым жоқ шомылсам шуағыңа,
Арманым жоқ шөл қанса бұлағыңа.
Мендей перзент аз болмас аңсап жүрген,
Мынау алыс арманның жырағында.
Қайырмасы:
Арылмай туған жердің елесінен,
Мен келем сағыныштың кемесімен.
Алыстан аңсай жетер кезге дейін,
Туған жер! Ораласың сен есіме…