23.05.2022
  318


Автор: Мұрат Шаймаран

Жансаяға

Сия алмай мынау əлемге,
Қиянаттардан сан аттап.
Жүрегіңе сенің енем де,
Қаламын ұзақ қонақтап.
Адасып жүрсем аңсаудан,
Көңілде кірбең, көп күдік.
Көзімнің жасын мен сонда,
Аламын қайта кептіріп.
Қонғандай бақыт түсімде,
Өзімнен-өзім жымиям.
Мына мен пақыр үшін де,
Жүрегің сенің – жылы ұям.
Білмейтін шығармын, бəлкім,
Өмірім сенің садағаң!
Жүрегіңе түнеп мен əр күн,
Сəби боп қайта оралам...





Пікір жазу