23.05.2022
  201


Автор: Мұрат Шаймаран

Туған күніңе

Сенің туған күніңе гүл сыйлар ем құлпырған,
Бірақ гүлден аумайды сенің əсем түр-тұлғаң.
Жыр сыйлар ем, ол дағы емес саған мінəсіп,
Жырланбай-ақ келбетің тұрған жоқ па ұнасып!
Əн сыйлар ем сиқырлы, дыбыстардан мың түрлі,
Өзің əнсің телегей, өзің əнсің сыңғырлы.
Жырлау үшін тудым мен махаббаттың мерейін,
«Жұлдызды – жүзік,
Қаласаң, айды – алқа» ғып берейін.
Менен бұрын бұл сөзді Мағжан айтты демесең,
О, құдірет, құдірет, иланбайсың неге сен?!
Бəрін қойшы, тəйірі, күн сыйлауға бекідім!
Симайды ғой, қайтейін, аспаныма екі күн.
Енді бұған не бітім?!
Мұң сыйлар ем тұп-тұнық, кір шалмайтын көмсең де,
Көз жасымнан кристалл сарай салып берсем бе?!
Көктем өтіп барады, əр бүршігі гүл атқан,
Сені сүйгенімменен, сыйлығым жоқ бірақ та...





Пікір жазу