23.05.2022
  141


Автор: Мұрат Шаймаран

Өмір ғой бұл -себебі

(Əзия Мағыперқызына)
Мекеніне қайтады құс,
Өмір ғой бұл – себебі.
Отырады ақын байқұс,
Көңілде көп елеңі.
Жапырақтар құлайды кеп,
Суық жерді құшады.
Қатал аспан жылайды көп,
Бұл да өмірдің нышаны.
Жан жүрегің жаттап ұққан,
Айтпақ еді-ау расын.
Қымтайды кеп ақ мамық қар,
Кір əлемнің күнəсін.
Санаң сартап, селтең кеште,
«Салқын ақыл» меңдетіп,
Енді ешкімге өртенбеске,
Ант етесің сен бекіп.
Əр мезгілің тойдай болмас,
Өмір ғой бұл – себебі.
Кірпігіңе байланған жас,
Мұз боп қата береді...
Бұлаң басып қайта келер,
Гүл құшақтап көктем қыз.


Нұрлы сəуле шайқап енер,
Жаңғырығып өткенгі із.
Жұлдызды аспан, алдың жарық,
Жаның улап күбірге.
Отырасың бал-бұл жанып,
Терезеңнің түбінде.
Айдындағы жалау сынды,
Көңілдің көк желегі.
Сағыныштан бар асылды,
Тауып алғың келеді.
Қайта сүйе бастайсың сен,
Өмір ғой бұл – себебі.





Пікір жазу