23.05.2022
  96


Автор: Мұрат Шаймаран

Мен деген енді

Кім еді мені шақырған ымдап,
Өткен бір күннің елесі ме еді;
Бақыт па əлде баянсыз, жұмбақ,
Əуре етті неге осы мені?!
Дауылдар тербеп, көк теңіз алдан,
Ашады құшақ, ашады бір сəт.
Мазасыз тірлік, аялсыз арман,
Дариға-ай, маған бермеді мұрсат.
Кекілі ойнар күн нұрыменен,
Жас махаббат, жас дəурен қайда?!
Шақырса мені өз жырыменен,
Үн-түнсіз ғана шомамын ойға.
Өшіріп кеткен өз қолыменен,
Тағдырым менің ізгі беттерін.
Шақырма мені көздеріңменен,
Кездеспей кеткен, Қыз Жібектерім.
Қорғасын бұлттар тұмшалап айды,
Жырымды оқып елтеді бала.
Мен деген енді махаббат жайлы,
Айтылып кеткен ертегі ғана...





Пікір жазу