23.05.2022
  160


Автор: Әбубәкір Қайран

Таң асыру

Маза бермей күнімен,
Мал қайырып, аң қағып
Келгеннен соң, түнімен
Атты қояр қаңтарып.
Ішек-қарнын ұлытып,
Ашықтыру бұл деген.
Тұла бойын суытып,
Жаттықтыру бұл деген.
Бірте-бірте басылар
Аттың ішкі қызуы.
Тәтті ұйқыға батырар
Тыныш түннің ұзыны.
Мән-мағына бар мұнда,
Атбегілер түсінед –
Жаратардың алдында
Таң асырар үш рет.





Пікір жазу