23.05.2022
117
Мұңды бикеш!
Мұңды бикеш!
Ұмыт сонау мас түнді
Жастығыңа жантая ғой жассіңді.
Тұла бойы тұнған ұят бір сезім,
Өшірмекші сенің оттай нәпсіңді.
Жас маңдайың жасырынған
Айдай боп,
Жанарыңда бір құпия ойнайды от.
Сіміргенде сағыныштың тәтті уын,
Сенің тәнің сөгіледі бой-бой боп.
Жаның сенің жауқазындай аршылған,
Тәннің сенің тәтті үмітке малшынған.
Кеудендегі кереметтің үрпісі,
Қиялдағы бір бейнеге жаншылған.
Қиялдағы... Өмірдегі сол бейне,
Кім біледі – келе ме,
әлде келмей ме?
Соған сеніп қаласың ғой сен кейде,
Сезіміңе шындап ерік бергенде...
Ұмыт оны, ұмыт оны, шерменде