23.05.2022
  135


Автор: Әбубәкір Қайран

Шалторы

Қобалжиды, корқады кісі неден –
Көп сенетін боп алдым түсіме мен.
Маңайламай... алыстан маған қарап,
Шалторы атты көрдім мен кісінеген.
Қатты ашыды, өксіді көкірегім,
(Сандырақтап, сансырап жатыр едім).
Жиырмасында қосқан соң ат жарыска,
«Шалторы» деп қойып ем атын өзім.
Ашаң кезі көп еді тоқтығынан,
Үріккен кезі жоқ еді, осқырынған,
Еңісте де ер кетпес мойынына,
Кішігірім өркештей шоқтығынан.
Көлден қарғып өткендей көсілгені,
Көптен озып кететін көш ілгері.
Кекілінен сипасаң, нәркес көзі
Күлімсіреп тұратын секілді еді.
Осы атыммен мақтандым достарға да,
Осы атыммен көп бардым көкпарға да.
Жиырмадағы жылқыны қан бәйгеге,
Мен секілді апарып косқан бар ма?
Кездерім де көп болды маңып кеткен,
Кездерім де көп болды жанып кеткен.
Өкініш-ай, мен жоқта Шалторыны,
«Қартайдың» деп сойысқа алып кеткен.
Жылдар өтіп кетіпті содан бері,
Жүгені де жоғалды, құранды ері.
Жиырма бір жыл өткенде, о, құдірет,
Жүйрігім түсімде оралды енді.
О, Шалторы! Күлкім ең, күшім едің,
Жылқыдан зор, түйеден кішірегім.
Кекіліңнен сипатсаң қайтер еді,
Неге алыстан қарайлап кісінедің?
Әрі-сәрі иеңнің түрі мынау,
Өзің барда мен едім “тірі жырау”.
Түс деген де бір өмір келіп-кетер –





Пікір жазу