23.05.2022
146
Ей, жұлдыздар, жұлдыздар...
Ей, жұлдыздар, жұлдыздар,
жымыңдарсың,
Таң атқанша бірің жоқ, бірің барсың.
Бірің – арсың, әрине,
бірің – қарсың,
Уыз түннен у ішкен кімің барсың?!
Жарқырайсың,
Біреуің қалтырайсың,
Бір біріңнен ымдасып хал сұрайсың.
Жігерімді біреуің қамшылайсың,
Жүрегіме біреуің тамшылайсың.
Сендер – көкте,
Ал, жерде тұрады адам,
Тұрады адам күні жоқ жыламаған.
Сұрағым бар сендерден сұрамаған –
Тиесісің қайсысың мына маған?
Сұрағына жауап бер сұрағанның,
Өз жүлдызын білмейтін бір адаммын.
Арасында жоқ па әйтеу құлағанның,
Соны білмей, жұлдыздар, тым алаңмын.