22.05.2022
128
Қос саңлақ
Сұлтанмахмұт!
Сұлтанмахмұт! –
Найзағайын сан атқан бұлт,
Көкжиектен ары асқан бұлт.
Нөсерлерін төгіп өтіп,
Шер-жүрегін еңіретіп,
Қараңғыға кектенумен,
Қан түкіріп өтті өмірден,
Сол жап-жас бұлт –
Сұлтанмахмұт.
Кетті Сұлтан...
Қалды Қаныш.
Өмір – дүлей, арман – алыс.
Бейнет ауыр – зіл қара тұз,
Халық – бейбақ, шын панасыз.
Мінді Қаныш Заман атын.
Ақын аға аманатын
Алға сүйреп самғады көп,
Ұзақ ұшты...
Шарлады көк...
Сол Қанышқа аға болған,
Сұлтанның да арманы жоқ.