22.05.2022
166
Таусылмайтын өлең
О, менің сәбидей пәк таза күнім,
Алдыңда бүгін сенің жазалымын.
Өлтіріп алғам сені қай уақытта,
Өзіме өле-өлгенше наразымын.
Жан болдым жасыл сағым қуып кеткен,
Кеудемді дәл осындай қуыс деп пе ем!?
Әрленген ән – бояумен әлемімді
Уақыттың ақ жаңбыры жуып кеткен.
Уақыттың ақ жаңбыры сілбіреген,
Жемеген жері бар ма, үңгімеген?!
Адамның айтса болды көңілі босар,
Мәңгілік таусылмайтын бұл бір өлең.