22.05.2022
  120


Автор: Әбубәкір Қайран

Түнгі жолдай таусылмайтын, бітпейтін...

Түнгі жолдай таусылмайтын, бітпейтін,
Бір мүңым бар иығымнан түспейтін.
Кейде өзімді хатшы қыздай сезінем,
Бір мықтының есігінде істейтін.
Өмір деген өте бермес тойменен,
Қызынады, бұзылады ой деген.
Тағдыр мықты тәкәппарсып қалғанда,
Хатшы қыздай қылымсимын кейде мен.
Барлық гүлге бірдей түспес күн нұры,
Самайымнан сан көлеңке сырғыды.
Талағымды тарс айырса қайтемін,
Тағдыр мықты тарпа бас сап бір күні?
Күн әзірше тұрған сынды нұр сеуіп,
Көңілімнің көйлегі де тұр кеуіп.
Жүре тұрам мен осылай,
Тағдырым
Есігінен шығарғанша бір теуіп.





Пікір жазу