22.05.2022
  111


Автор: Әбубәкір Қайран

Жаңа жыл күні

Зымыран күндер...
Қымыран күндер–
ашымал, кейде тұшымал,
Әр жылдың емес,
Әр күннің тарту күші бар.
Минөттер – миға,
секундтар сіңіп санаға,
Көктем мен жазды көзіңнен
бұлбұл ұшырар.
Зымырап жылдар...
Тағы да зырлап жыл өтті,
Ауыртып кейде, қуантып
кейде жүректі.
Малшы мен дихан
мал менен егін өсіріп,
Ұстаздар біздің ұл-қызын
тағы түлетті.
Ұстаздар біздін –
Құштарлар біздің өмірге,
Жеңілмес жандар заманның
ылди, өрінде.
Жаңа жыл күні жайнайды,
жаны жасарып,
Тербетіп терең сезімдер жүрек төріңде....
Жаңа жыл күні...
Шалқиды күліп шартарап,
Асқақтап таулар,
Жатады дала шалқалап.
Қарт ұстаз анау күрсініп қойып барады.
Заманның мүңын,
Адамның мүңын арқалап.





Пікір жазу