22.05.2022
124
От пен гүл
Жанарымда жарқырайды шырақтар,
Тамырымда сарқырайды бұлақтар.
Бірақ менің бітер-бітпес жолымның,
Ұшығынан қалтырайды бір оттар.
Неге солар қалтырайды?... Біле алман,
Бұрынғыдай аңқымайды гүл-арман.
Олар неге аңқымауды шығарған,
Санам неге сансырауды шығарған?
Жанарымда жанған шырақ – тірі әлі,
Тамырымда аққан бұлақ – тірі әлі.
Алыстағы алау маған неге әлсіз,
Гүлім неге жалғызсырап тұрады?
Көрінген от көңілімнің серті ме?
Айналды ма өмірімнің өртіне?
Гүлдер аңқып тұру керек неге ылғи,
Солар ғана өңірімнің көркі ме?
Сұрап түрмын, ей, жаратқан, мен, міне,
Менің жаным гүл мен оттан өнді ме?
Гүлім солып, отым сөніп қалса егер,
Онда мені тірі деме, өлді де!