22.05.2022
172

Күлген жақсы-ау қарқылдап...
Күлген жақсы-ау қарқылдап,
Құр жымия салғаннан.
“Бәйге атындай аңқылдап”,
Шықсаң бәлем арманнан.
Күлу үшін әрине негіз керек нып-нығыз,
Ал біз болсақ... бір-бір мұң,
Бір бір жынға жүктіміз.
Таза күлу дегенің тамаша ғой, не жетсін,
Амал қанша, әттең-ай, тығыз адам емессің.
Тырқ-тырқ етіп күлгенің
тыныс емес көңілге,
Шиқ-шиқ етіп күлгенің
тірлік емес өмірде.
Қарға болып қетсең де
қарқылдап күл,
күл, күл, ал,
Жүрегі ұстап қалса да,
жүйкесіздің шырқын ал.
Іші күйсін біреудің
күлкісін-ай мұңын деп,
Қарсы келсе қабарып,
қолын ұста күлімдеп.
О, тыңдандар! Тоқтаңдар!..
Күлкіде де көп мән бар...
Қолдан келсе өтірік күле алғанға не жетсін,
Сен өйткені заманның Күлмесханы емессің.